91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Аманжолов, үнді елінің боксшысы Парвин Кумарды 3:0 (50-45, 50-45, 50-45) есебімен жеңді.

- Үнді боксшылары мықты екен. Басында жеке бапкерім берген кеңестерді орындадым деп ойлаймын. Алыс қашықта жұмыс жасауға тырыстым. Денесінен көп соққы жасап жүрдім, қарсыласым содан шаршап қалды. Жеке бапкерім Нұрлан Ақүрпеков сондай дайындық үшін көп рақмет. - деп хабарлайды Аманжолов.

Нұрсұлтан Аманжоловтың жеңісінен кейін матчтың жалпы есебі 4:0 болды. Арландар қарсыластарына еш қандай мүмкіндік қалдырмады.