52 келі салмақ дәрежесінде Ақниет Балтабаев, үнді елінің боксшысы Бишт Кавиндер Сингхтен 1:2 (47-48, 49-46, 46-49) есебімен ұтылды.  

- Өкінішке орай ұтылып қалдым. Алғашы раундтарда алда келе жаттым, бірақ кездесудің аяғында көп қате жібердім. Мәселе сонда деп ойлаймын. Бес раундтық кездесуге бірінші рет қатысып жүрмін, кішкене күшім жетпей қалды. Осы жекпе-жектен кейін көп дайындалып, одын да мықты болып шаршы алаңға ораламын, - дейді Балтабаев.

"Indian Tigers" соңғы жекпе-жекте ұпай қоржылады. Жарыстың жалпы есебі - 4:1. Астана Арландары жаңа маусымда алғашқы жеңісіне қол жеткізді.