81 келі салмақ дәрежесінде Нұрдәулет Жарманов, үнді елінің боксшысы Ядав Бриешты 2:1 (49-46, 49-46, 47-48) есебімен жеңді. «Астана арландары» уақытынан бұрын жеңіске жетті.


- Қарсыласым мықты боксшы. Жекпе-жек те тартысты өтті. Төреші қолымды көтергенде мен қуанып қалдым. Төрт күн бұрын нəрестелі болдым, қызды болдым. Атын Айша деп қойдық. Осы жеңісті қызыма арнаймын, - дейді Жарманов.

Нұрдәулет Жарманов арландарға үшінші жеңіс алып келді. Кездесудің жалпы есебі - 3:0.