Бүгін Қарағанды қаласында өтіп жатқан «Astana Arlans» пен «Indian Tigers»  кездесуінде боксшымыз Бекболат Құрамысов Неги Дуриодхан Сингх атты қарсыласын ұпай санымен жеңді.

- Шын айтайын, қарсыласым оңай емес. Жекпе-жектің басында дұрыс бастағам сияқты, бірақ келесі раундтарда төбелеске кіріп кеттім. Сол кезде мен қате жібердім деп ойлаймын. Мысалы, төбелескенде екеуміз де жарақат алдық. Маған қарағанда қарсыласымның жағдайы нәшәрау болып көрінді,  сондықтан төреші жекпе-жекті тоқтатты. Қарсыласым қиын болды, бірақ бағымызға орай жеңіс бізге бұйырды. Келесі жарысқа одан да жақсы дайындалып келеміз. - дейді Құрамысов.

Бокболат жеңіске жетіп командамызға екінші ұпай алып келді. Матчтың жалпы есепте арландар алда келе жатыр- 2:0