Серік Теміржанов «Astana Arlans» командасының сапында бірінші жеңіске жетті. 60 келі салмағында өнер көрсетіп жүрген Теміржанов «Indian Tigers» құрамасының боксшысы Дахья Анкушты ұтты.

- Менің қарсыласым мықты болды. Ол екі рет нокдаунға ұшты, бірақ қайтпады. Мен оны басқа әуесқой бокс турнирлерінде де көргем. Біз бапкеріммен бірге бір ай оның техникасын зерттеп, жақсы дайындық жасадық. Жекпе-жекте ол қате жібергенде, мен сол уақытта оған соққылар жасап, ұпай жинап жүрдім. Жақсы дайындықтың арқасында жеңіске жеттік. Аллаға шүкір! - дейді Теміржанов.

Айта кетейік, Серік Теміржановтың жеңісінен кейін командамыз бір ұпай алып алға шықты -1:0.