Астана Арландары жаңа маусымның бірінші жекпе-жегінде Индия жолбарыстармен кездеседі. Екі командаларының боксшылары 10 ақпан күні Қарағанды қаласының Серік Сапиев атындағы бокс орталығында қолғап түйістіреді. Бокс кеші 17:00-де басталады.

Жаңа маусымда додаға 11 команда қатысады. Жеребе тарту рәсімі бойынша «Астана арландары» Азия аймағындағы топта Қытай - «China Dragons», Үндістан және Ресей - «Patriot Boxing Team» құрамаларымен кездесетін болды.

Айта кетейік, Астана Арланс командасы Бүкіләлемдік бокс сериясының үш дүркін чемпиондары. Арландар WSB жобасында үш рет жеңіске жетсе, тағы бір рет күміс жүлдегер және үш рет үшінші орынға иеленді.