Қазақстандық кәсіпқой боксшылары Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев және Асхат Уәлиханов WSB финалдық кездесудің алдында "Астана Арланс" командасына арнайы бейнебаян жазып, сәттілік тіледі.

Ассаламалейкум, барша қазақстандықтар! Астана Арланс команданың жігіттеріне финалда тек қана сәттілік пен жеңіс тілейіміз!
Алға, Астана Арланс! Алға, Қазақстан! - дейді қазақ кәсіпқой боксшылары
өздерінің бейнебаянында.

Естеріңізге сала кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев және Асхат Уәлиханов кәзіргі таңда АҚШ-та кәсіпқой бокспен айналысында.
Олар кезінде "Астана Арланс" мансабында бірнеше жыл өнер көрсетіп, WSB чемпиондары атанған болатын.