Құрметті бокс сүйер қауым!

Сіздерді "Астана арландары" мен "Куба қабыландары" командаларының финалдық кездесулеріне шақырамыз.
Бұл жобада біздің клуб 2013 және 2015 жылдары топ жарса, кубалық команда 2014 және 2016 жылдары жеңіске қол жеткізген.
Алдағы кездесуде жеңіске жеткен команда жобаның ең табысты ұжымы атанады.
Билеттер «Қазақстан» спорт сарайы мен "Меломан" дүкендерінде сатылады!
   Финалға келіп, біздің командамызға жанкүйер болыңыздар!