Елордамызда өткізілетін WSB финалында ұлттық құраманың үш мықты боксшысы «Astana Arlans» командасының намысын қорғайды.

Арландардың қатарына Әбілқан Аманқұл (75 келі) Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қонқабаев (+91 келі) қосылады.

Аманқұл мен Қонқабаев «Astana Arlans» сапында бір неше рет өнер көрсеткен. Ал ауыр салмақта жұдырықтасқан арлан Василий Левит Дүниежүзілік бокс сериясына қатысып 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған. Бұл уақытқа дейін бокстан Қазақстан тарихында 91 келіде ешбір боксшы Олимпиадаға барған емес.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік бокс сериясының финалдық кездесу 15 шілде күні Астана қаласында өткізіледі.
Финалда қазақстандық "Астана арландары" мен кубалық "Куба қабыландары" кездеседі.

   Автор: Серік Алдабаев
   Фото: Ізтұрған Алдауев