Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымының жартылай финалында қазақстандық «Astana Arlans» бокс клубы «British Lionhearts» командасын ұтты.

Жартылай финалдық кездесу Қарағанды қаласында өтті. Бес жекпе-жектен тұрған сайыста Нұрлан Ақүрпеков командасы  4:1 есебімен жеңіске жетті.

«Astana Arlans» (Қазақстан) – «British Lionhearts» (Ұлыбритания) – 4:1

49 кг. Теміртас Жүсіпов - Кларан МакДональд – 3:0
56 кг. Ільяс Сүлейменов - Кристофер Бурк – ABDR5:0
64 кг. Дильмурат Мижитов - Конор Лофтус – 3:0
75 кг. Әбілхан Аманқұл - Никита Абабий – 3:0
91 кг. Антон Пинчук – Дэвид Киран Ника - 0:3

Айта кететін жайт, қарымта кездесу 8-ші маусым күні Лондонда өтеді.