Клуб тарихы

 

Қазақстан Бокс Федерациясы ЖШС "Astana Arlans" кәсіпқой бокс клубының" негізін 2010 жылы қалады.

ЖШС «ПСК «ASTANA ARLANS» Астана қаласында тіркелді.

  

"Astana Arlans" бокс клубы WSB жобасында бірінші маусымнан бері (2010-2011 ж.) қатысып келеді. Жоғары жетістіктерге жету мақсатында клуб құрамына спорт менеджменті саласындағы еліміздің ең үздік мамандары, тәжірибелі бапкерлер мен мықты боксшылар шақырылды.

 

Команда "Қазақстан Республикасының кәсіпқой бокстан Ұлттық құрамасы" атағына ие

 

2013 ж. сәуір айынан бастап КФ "ППСК "АСТАНА" құрамына кіреді

  

Astana Arlans WSB жобасының 1 маусымда-ақ 2 орын алып, әлемдегі ең мықты командаларының бірі болып санала бастады.

 

Жобаның дәл сол маусымында келесі боксшылар ерекшеленді:

 

Абуталипов Қанат, WSB жобасының алғашқы чемпионы

Мұсафиров Ержан, 61 кг салмақ дәрежесіндегі үздік боксер

 

Жобаның 2-ші маусымында (2011-2012 ж.) жанкүйерлер арасында танымал бола бастаған клуб әлем бойынша 3-орын алды. 

Сонымен қоса, Руслан Мырсатаев WSB жобасы бойынша "Азияның үздік боксшысы" болып танылды.

 

3-ші маусымда «ASTANA ARLANS» жобаның жеңімпазы болып танылып, әлемдегі саяси мен спорттық аренада Қазақстанның дәрежесін көтерді.

 

Төртінші маусымда «ASTANA ARLANS» жартылай финалға өтті.

 

Бесінші маусымның басында клубтың басшысы болып 2012 жылдың Олимпиада чемпионы мен Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сапиев тағайындалды. Бас бапкер міндетін Марат Жакиев атқарды.

 

5-ші маусым клуб тарихы үшін үздіктердің бірі болды. «ASTANA ARLANS» WSB жобасының екі дүркін чемпионы атанды.

 

 

Алтыншы маусым 2016 жылдың қаңтар айында басталды. Бас жаттықтырушы болып еліміздің еңбек сіңірген бапкері Нұрлан Ақүрпеков тағайындалды.