«WSB жобасы»
 
Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) – AIBA басшыларының ашқан жаңа жобасы. 2010 жылы дүниеге келген бұл жобаға алғашқы жылы 12 команда қатысып, олар құрлық бойынша үш топқа (Азия, Америка, Еуропа) бөлінді.
Жарыстың ережесі бойынша жобаның алғашқы үш маусымында боксшылар бес салмақ (54, 61, 73, 85, +91) дәрежесі бойынша күш сынасты. Әр жекпе-жек үш минуттан бес раундқа созылады. Боксшылар рингке шлемсіз және жейдесіз шығады. Төрешілер боксшылардың өнерін 10 баллдық жүйемен есептейді. Биылғы жылдан бастап WSB басшылары жобаға бірқатар өзгерістер енгізді. Нақтырақ айтсақ, бұдан былай спортшылар бес салмақ емес он салмақ дәрежесінде (49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91) жұдырықтасады. Жобаның бір ерекшелігі – бұл жерде Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынады.
2012 жылғы Лондон олимпиадасына әр салмақта үздік шыққан бес боксшы қатысты. Сондай-ақ, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына да жолдама үлестіріледі.

 

AIBA техникалық ережелері 

WSB жарыс ережелері