Әзірбайжанға баратын боксшылар белгілі болды

   Алдағы сенбіде «Астана арландары» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясының күнтізбесіне сәйкес «Баку оттары» командасына қарсы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Осыған байланысты «арландардың» бас бапкері Марат Жакиев Әзірбайжанға баратын боксшылардың тізімін жариялады.

  • 1Әзірбайжанға баратын боксшылар белгілі болды   Алдағы сенбіде «Астана арландары» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясының күнтізбесіне сәйкес «Баку оттары» командасына қарсы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Осыған байланысты «арландардың» бас бапкері Марат Жакиев Әзірбайжанға баратын боксшылардың тізімін жариялады.
  • 2Жүйкеге «жүк салған» жекпе-жек Бүкіләлемдік бокс сериясы жобасында өнер көрсетіп жатқан «Астана арландары» командасы биылғы маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Польшаның Любин қаласында жергілікті поляк боксшыларымен шаршы алаңға шыққан «арландар» қарсыластарынан 3:2 есебімен айласын асырды.
  • 3МАРАТ ЖАКИЕВ, «Астана арландары» командасының бас бапкері: Жігіттер сенімді ақтады
  • 4Жаңа маусым жеңіспен басталды «Астана арландары» командасы жаңа маусымды жеңіспен бастады. Алматының Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Венесуэла боксшыларымен маусымашар жекпе-жегін өткізген «арландар» қарсыластарын 5:0 есебімен тас-талқан етті.
  • 5Пинчук WSB жобасына да қатысатын болады Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) биыл тұңғыш рет ұйымдастырып отырған AIBA Pro Boxing (APB) жобасында бағын сынап жүрген Антон Пинчук Бүкіләлемдік бокс сериясына (WSB) да қатысатын болады. Бұл туралы бүгін «Astana Arlans» - «Caciques Venezuela» клбутарының кездесуі алдында өткен баспасөз жиыны барысында Серік Сәпиев айтты, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.